Елордада өткен көкпардан әлем чемпионатында Қазақстан жігіттері жеңіске жетіп, намысты қолдан бермеді, деп хабарлайды abctv.kz.
Бұл көкпар ел тарихында бірінші рет халықаралық дәрежеде ұйымдастырылып отыр. 11 елден келген көкпаршылар ұлттық ойынның көркін қыздырып, түркі халхының тегін есіне түсірген айтулы дода көрсетті. Финалда кездескен қазақ-қырғыз жігіттері намысты қолдан бермеу үшін тақымды қысып, бөрідей тартысты. "Қазанатта" жиналған дүйім жұрттың қанын қыздырып, делебесін қоздырды. Не керек, ер мен ер қанатының арқасынан ащы тер сыпырылған бұл сында Қазақстан командасы басым түсіп, 4:1 есебімен айқын жеңді.
Жарысқа қатысқа өзге де елдер арасында (Қазақстан, Моңғолия, Венгрия, Қытай, Түркия, Тәжікстан, Қырғызстан, Ауғанстан,Өзбекстан, АҚШ, Ресей,) Тәжікстан қолаға қол жеткізіп, Қырғызстан күмісті еншіледі.